Дильназ Ахмадиева репертуарын толықтырды. Әнші бұл жолы марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Экс-күйеуінің қолынан аса жауыздықпен қаза тапты деген жаңалық, күллі Қазақстандықтарды ғана емес, Дильназ Ахмадиеваны да бейжай қалдырмады.
«Бұл жантүршігерлік жағдай туралы бүкіл елмен бірге білдім. Мен де жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ бұл жағдайда бар қолымнан келгені — Салтанатқа арнап ән жазу. Айтбек сізге ризамын, алғысым шексәз. Отбасыңызға бұл үлкен ауыр соққы әрі сынақ болды. Сіздерген денсаулық пен күш-қуат тілеймін. Бұл ән жүрекке жетеді деген үміттемін», — деп Дильназ Ахмадиева инстаграм парақшасында жүрекжарды жазбасы мен жаңа әнінің үзіндісімен бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @dilnaz_akhmadiyeva
Сообщение «Мен де жыладым»: Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады появились сначала на Harper`s BAZAAR Kazakhstan — женский журнал о моде и стиле..







